09 сәу, 2024 сағат 11:03

Алматыдағы балалар алаңында ер адамның мәйіті табылды


Алматы әуежайының маңындағы балалар алаңында «тамағы тілінген» ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу негізінде жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда», - деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.