Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі үш жол айрығының құрылыс қарқынын, метрополитеннің инфрақұрылымын және Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қала әкімі Алматының «шығыс қақпасындағы», Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысындағы жолайрығында болды. Құлжа тас жолы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы –
Нысанды толық пайдалануға беру келесі жылға көзделген. Бұл Бұқтырма көшесіндегі көлік ағынын – 30%-ға, Құлжа трактісінде өткізу қабілетін 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Бақытжан Сағынтаев Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы туннель түріндегі жолайрықтың жұмыс барысымен танысты. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылы бойымен көліктің кедергісіз қозғалысы үшін жалпы ұзындығы
Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланған.
Қала әкімі Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы жолайрығы құрылысының қарқынын тексерді. Эстакаданың ұзындығы
Бұдан басқа, Бақытжан Сағынтаев әрлеу жұмыстары жүріп жатқан Сарыарқа және Достық бекеттеріндегі метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысты. Екі бекетті техникалық іске қосу жыл соңына жоспарланған.
Сондай-ақ, Алматы әкіміне Қалқаман бекетіндегі метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңінің үшінші іске қосу кешенін салудың жұмыс барысы туралы баяндалды.
Жобада Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін ұзындығы 2,48 шақырым болатын Әшімов көшесінен төмен салынатын тоннельдің құрылысы қарастырылған.
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Абай даңғылын Қалқаман шағын ауданындағы Момышұлы көшесінен Әуезов көшесіне дейін үңгілеу жұмысының барысын тексерді.
Оның жалпы ұзындығы 4,8 шақырым. «Шұғыла» шағын ауданындағы Яссауи көшесінен Береке көшесіне дейінгі учаскенің ұзындығы 3 шақырым, мұндағы жұмыстар аяқталып қалды.
Жоба бойынша 6 жолақты жол, тротуарлар, веложолдар салу қарастырылған. Құрылыс аймағында орналасқан учаскелер уақтылы сатып алынса, онда жұмысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Осының арқасында, Абай даңғылы Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзаратын болады.
Бақытжан Сағынтаев жолайрықтары мен көшелерді ұзартудың барлық нысандары бойынша жұмыс күші мен техниканы кеңінен жұмылдыруды, жұмыстың сапасы мен уақтылы атқарылуын бақылауды тапсырды.
Бұдан өзге, тиісті ведомстволардың басшылары жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешулері қажет.
