Соңғы екі аптада Алматыда жұмыс орндарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қалада жаңа көрсеткіш пайда болды. Соңғы екі аптада жұмыс орндарында жұқтыру көрсеткіші көбейді. Көрсеткіш бес пайызға өсіп, тоғыз пайызға жетті. Сондықтан жұмыс берушілерден эпидемияға қарсы режимді күшейтуді сұраймын», - деді спикер.
Сонымен қатар, ол тұрғындар коронавирусты қай жерде жиі жұқтыратынын айтты.
«Өткен аптада сырқаттанғандардың 90%-ның негізгі жұқтыру орындары сауда объектілері – 29%, қоғамдық көлік – 21%, 22 пайызы ауруды отбасы мүшелерінен, 9 пайызы базарлардан жұқтырған», - деді Жандарбек Бекшин.