30 қыр, 2021 сағат 18:57

Алматыда жүкті әйел перзентханада емес, аурухананың қабылдау бөлімінде босанды


Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің дәрігерлері медициналық көмекке жүгінген жүкті әйелді босандырып алды, дүниеге ұл бала келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны толғағының басталуына байланысты Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына көмекке жүгінген. 

Оған шұғыл түрде қабылдау бөлімшесінде қажетті минималды тексеру жүргізілді. 

Дәрігерлер анализ алып, узиге түсірді. Перифериялық катетер орнатты. 

20 минуттан кейін Қазақстан Республикасының тағы бір азаматы дүниеге келді. 

Босануды стационар гинекологтарының кезекші бригадасы қабылдады. 

Әйелді босандырудың барлық процесін клиника реаниматологтары жүргізді. 

«Жүкітілік мерзімі - 38 апта, босандыру шұғыл түрде болды. Жүкті әйел тұрғылықты мекенжайынан жырақта болуына байланысты біздің ауруханаға медициналық көмекке жүгінген. Бұл - оның екінші баласы. Ай-күні толық жеткен. Әріптесім, доктор Шахло Абдужабарова екеуміз қабылдау бөлімшесінің реанимация залында босандырдық. Процесс асқынусыз бірқалыпты өтті. Ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Бала жарық дүние есігін ашты. Бұл - бақыт!», - дейді әйелді босандырып алған №1 гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Жамаева. 

Қазіргі уақытта ана мен баланы жедел медициналық көмек және неонатальды бригада мамандандырылған медициналық ұйымға жеткізді. 

«Сонымен қатар, бүгінде жетінші қалалық аурухананың барлық медициналық қызметкерлері ерекше жағымды сезімдерді сезінеді, өйткені мұнда балалар күн сайын дүниеге келмейді, өйткені бұл перзентхана емес. Және өздерінің әріптестерін мақтан тұтады. Бүгін олар дәрігерлік корпоративтік чатта әріптестерін сәтті өткен босандырумен құттықтап, анасына тезірек сауығып кетуін және балаға «Бауы берік болсын» тіледі. Олар тіпті баланы өзара Қалқаман деп атау керек деп қалжыңдады»,- деп атап өтті аурухананың баспасөз қызметі.