23 қар, 2020 сағат 16:09

Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

Алматыда шағын жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға Петрозаводская көшесінде болған. 

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі аударылып қалған.

Қалалық полиция департаментінің оқыс оқиғаға қатысты тексеруді бастады.

«Бұл деректі Түрксіб ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сот медициналық сараптама тағайындалды»,- деді полиция басқармасынан.