05 қаз, 2020 сағат 12:35

Алматыда ЖРВИ-мен байланысты эпидемиологиялық жағдайы тұрақты - Бекшин

Қазіргі уақытта Алматы қаласында жіті респираторлы врусты инфекцияға (ЖРВИ) қатысты эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Бұл туралы онлайн брифингте Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Эпидемиялық маусым басталғаннан бері яғни, 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ЖРВИ жұқтырудың 85975 жағдайы тіркелді. Сырқаттану деңгейі 4421,24 құрады, бұл өткен эпидемиялық маусымның кезеңімен салыстырғанда 3,6% төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында өсім 48478 жағдайды құрады, олардың үлесі 56,4% құрады, бұл алдыңғы эпидемиялық кезеңдермен салыстырғанда 8% төмен (2018-2019 эпидемиологиялық маусымда, балалар арасында 54 548 жағдай -64,4%», – деді Жандарбек Бекшин.

Жүкті әйелдер арасында жіті респираторлық вирустық инфекцияның 856 (0,9%) жағдайы тіркелді, өткен эпидемиялық маусымда 750 (0,88%) жағдай болған. Іс жүзінде, олардың құрылымдық үлесі 1% -ке дейін яғни, тең дәрежеде.

«ЖРВИ-мен ауырған 11852 науқас ауруханаға жатқызылды, оның 656-сы жүкті, 1 жасқа дейінгі балалар - 5064 (өткен эпидемиялық маусымда 13585 ауруханаға жатқызылды, оның 1100-і жүкті, 6098-і 1 жасқа дейінгі балалар», – деді ол.

Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен қауіп тобындағы адамдарға вакцинация жасалады. Осы жылы қауіп тобына Ресейден 130 000 доза көлемінде шығарылған үш валентті «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды. 300 000 дозаға қосымша тапсырыс берілді, оның 186 мың дозасы келіп түсті.

«Қалада тұмауға қарсы вакцинация 10 қыркүйекте басталды, 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тек 122 669 адам вакцинацияланды, бұл қаланың жалпы халқының 6,1% құрайды, оның 116 935-і (89,9%) «қауіп тобына» кіреді. Оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері - 24866, он төрт жасқа дейінгі балалар - 21101, жүкті әйелдер - 6192, созылмалы аурулары бар адамдар - 98573, балалар үйі, қарттар үйі сияқты жабық мекемелер контингенті – 3019», – деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Жеке медициналық орталықтарда тек 5734 адам вакцинацияланды, оның ішінде 1342 адам жұмыс берушілер есебінен, 4392 адам өз қаражаттарына екпе салдырды.