15 қар, 2021 сағат 18:15

Алматыда ЖОО аумағынан ер адам асулы күйінде табылды


Алматыда әл-Фараби даңғылына жақын орналасқан жоғары оқу орындарының бірінің аумағынан ер адам асулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп мәлім етті Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

29 жастағы ер адамның өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Еске салсақ, өткен қазан айында Қапшағай қаласындағы көпқабатты пәтерлердің бірінің балконында асылып тұрған 13 жасар баланың денесі табылған болатын. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді.