26 нау, 2018 сағат 20:01

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жер асты дүмпулері 18:54 кезінде сезілген.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтындағы мәлімет бойынша, зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырымда, Қапшағайдан оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде болған.

Ал «ҚР БҒМ ҒК Сеймологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,9 болса, магнитудасы 5,5 болды және адамдарға 3,4 балл шамасында сезілді.