Алматы қаласының экология департаменті ЖЭО-2 модернизациясы бойынша сараптама кеңесі құрылғанын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Достар, Алматы қаласы бойынша экология департаменті ЖЭО-2 модернизациясы бойынша сараптама кеңесінің құрылғанын хабарлайды (уақытша негізде). Осыған байланысты қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және дамытуға үлес қосқысы келетін барлық экобелсенділерді ЖЭО-2 модернизациясы бойынша сараптамалық кеңестің мүшесі болуға шақырамыз. «Ұлы нәрсе кіші қадамнан басталады», сондықтан шет қалмаңыз. Алматы қаласының экологиясын жақсартуда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс жасайық», – деп жазылған департаменттің Facebook парақшасында.
Қатысуға өтініш білдіру үшін өзіңіз туралы деректерді +77015055505 нөміріне жіберуіңізге болады.