Алматыда бүгін таңертең жеке үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 қазан күні таңғы сағат 6: 44 минутта өрт сөндірушілер, Бостандық ауданы «Алмагүл» ықшам ауданындағы Дружба көшесі, 38-үй мекенжайы бойынша шықты.
«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 7 минуттің ішінде жеткенде, жеке тұрғын үйдің бірінші қабаты мен мансардың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Көршілес үйлерге өрттің таралуы қауіпі төнді. Өрттің тез таралуына үйдің ағаш қаптамасы, сондай ақ жылыту жабындылары ықпал етті.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 буыны адамдардың бар-жоғына барлау жұмыстарын жүргізіп, көрші үйлерді өрттен қорғауға және өртті сөндіруге оқпандар берілді, жанып тұрған шатырды сөндіруге өртке қарсы автосаты техникасы орналастырылды», - деп хабарлады департаменттен.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 07:38-де ауыздықталды, 8:00-де толығымен жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 9 техника, жеке құрамның 30-дан астам адамы жұмылдырылды.
Атқарылған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер көршілес үйлер мен ғимараттарды қорғап қалды.