
Алматыда жеке сектордан граната табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Онда куәгерлер граната «Қарғалы» шағын ауданындағы Редько көшесінен табылғанын айтты. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылғыш заттың жауынгерлік емес екенін жеткізді.
«Табылған граната арнайы сараптамаға жіберілді. Қазір бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚРҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді», - деп хабарлады полициядан.
