14 там, 2020 сағат 09:38

Алматыда жедел жәрдем шақырту едәуір азайды

Алматыда жедел жәрдем шақырту едәуір азайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны байқалады. Өтініштер мен шақырту саны соңғы айда 1-3 санат бойынша 2200-ден 1400-ге дейін және 4 жеделдік санаты бойынша 280-ден 170-ке дейін азайды. Вирус өршіген шақта біз мүлдем басқа көрсеткіштерді байқаған едік. Жедел жәрдем тәулігіне 8 000-ға дейін өтініш қабылдаса, әрбір екінші қоңыраудан соң бригада науқастың үйіне барды», - дейді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар, ол қалаға қосымша 55 жедел жәрдем көлігі сатып алынатынын атап өтті.

«Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 180 бригада жұмылдырылған. Оның ішінде 365 дәрігер, 1 388 фельдшер бар. Осы тұрғыда жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін атап өткен жөн. Вирус өршіген шақта қызмет көрсету тәулігіне 500-ге дейін пациентті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі келіп түседі деп күтілып отыр», – деді ол.