16 там, 2021 сағат 16:25

Алматыда жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер саны екі есеге өсті


Алматыда жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер саны екі есеге өсті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық жедел медициналық көмек қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Алматыда жедел жәрдем қызметіне келіп түскен қоңыраулардың жоғары көрсеткіші шамамен бір апта бұрын тіркелді. Бір күнде 8 мың қоңырау қабылданды. 

«Жыл басында жедел жәрдем қызметі күніне орта есеппен 3 200 -ге жуық қоңырау қабылдаған. Қазір аурудың таралу шыңы кезінде келіп түскен қоңыраулардың саны екі есеге дерлік өсіп, 6 400 болды. Соңғы кездегі тіркелген қоңыраулардың ең максималды көрсеткіші - тәулігіне 8 мың», - дейді ол. 

Соынмен қатар, ол бригадалардағы жүктеменің өскенін айтты. 

«Жедел жәрдем бригадасы күніне шамамен 15 шақыртуға барады. Жыл басында ең көп дегенде 8-10 қоңырау болған еді. Қоңыраулардың келіп түсу мерзімі әрқилы болуына байланысты ең жиі аралық - сағат 10.00 -ден 15.00 -ге дейін және 19.00 -ден 24.00 -ге дейін тұрғындардан келіп түскен қоңыраулардың кейбіріне кешіктіріліп қызмет көрсетілген кездер болды. Әрине, барлық қоңырауларға мінетті түрде қызмет көрсетіледі, бірақ, ең алдымен, науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғаны туралы жеткен ақпараттарға шұғыл әрекет жасалып, басымдық беріледі», - деді Андрей Ложкин.