#
#
Жексенбі 20/09/2020

Алматыда жаяу жүргіншілердің уақытша аймақтары құрылуы мүмкін

  • 06.08.2020
  • 0
  • 143

Алматыда жаяу жүргіншілердің уақытша аймақтарын құру мәселесін аудандық әкімдіктер мен полиция пысықтап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы аудандық әкімдік және полиция басқармасымен бірлесе отырып, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарда көлік қозғалысына тыйым салу мәселесін шешуде. Бірінші кезеңде Алмалы ауданындағы ескі алаңдағы Бөгенбай батыр - Төле би - Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында көлік қозғалысына тосқауыл қою ұсынылады», - деп хабарлады қалалық Жасыл экономика басқармасы.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев маусым айында Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилотты жобаның қолға алынатынын хабарлаған болатын. 

Бірінші кезеңде Алмалы ауданының бес көшесі әр жексенбі сайын бір күнге жабылады. Жоба эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң ғана басталады.

Басты мақсат – көлік жүктемесін азайту. Ал қаланың басқа аудандарында жексенбі күні бір ғана көше жабылады. 

Бұл маңызды іске көлік, экология, урбанистика, қала құрылысы салаларының мамандары тартылады. Олар экологиялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шараларды ұсыну үшін қаланың көлік жүктемесін, залалды және дыбыстық заттардың таралу деңгейін жан-жақты зерттеп, өздерінің бағаларын беретін болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар