Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы мегаполистің орталығындағы уақытша жаяу жүргіншілер аймағын құру жобасы санитарлық шектеулер толық алынғанан кейін ғана жүзеге асырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жасыл экономика басқармасы полиция департаменті және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, жаяу жүргіншілер аймақтарын көлік қозғалысынан босату мәселесін пысықтап жатыр. Бірінші кезеңде Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр –Төле би –Қабанбай батыр көшелеріндегі шаршы аймақ ұсынылды. Жоба эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң ғана басталады»,– деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев маусым айында жаяу жүргіншілердің уақытша аймақтарын құру бойынша пилоттық жобаның қолға алынғанын айтқан болатын.
Кейінірек Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская бұл көшелерде экологиялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шаралар ұсынды.