Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімет берді. Оған сенсек, қайғылы оқиға кешкі сағат 16:00 шамасында Алмалы ауданында болған.
«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полициядан.
Бұған дейін Алматыда 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын.
Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.