06 жел, 2021 сағат 13:47

Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті


Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйдің 12 қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде болған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қаласында жас қыздың суицид жасағаны туралы хабарлама тарады. 

Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тіркеген.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.