11 қаң, 2025 сағат 15:36

Алматыда жанжал кезінде полиция қызметкерін өлтіріп кеткен

Фото: polisia.kz

Алматыдағы ауруханалардың бірінде пышақ жарақатын алған полиция қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қызметтік тексеріс жүріп жатыр. 

Полиция қызметкері жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Аталған жағдай жұмыс уақытынан тыс кезде орын алған. Күдікті  ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында тараған ақпаратқа қарағанда, оқиға “Пинта” барында орын алған. 1993 жылы туған полицей екі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақатынан көз жұмған.