11 сәу, 2024 сағат 18:37

Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – ТЖД


Фото: Shutterstock


Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарланды. 2 сәуірде қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


«Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы ықтимал», - делінген хабарламада.


Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды арықтарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталатыны туралы жазған едік.