
Алматыда жаңажылдық кештер мен ертеңгіліктерге тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге болмайды.Осыған байланысты кәсіпкерлерге тағы да айтарым, жаңажылдық ертеңгіліктер мен кештерге тыйым салынады», - деді Жандарбек Бекшин.
Еске салайық, Алматы коронавирус таралуы бойынша «сары» аймаққа оралды.
