19 там, 2021 сағат 19:58

Алматыда жаңартылған 9 экопост жұмыс істей бастады


Алматыда жаңарған 9 экопост жұмыс істей бастады, күзге қарай тағы 10-ы іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, экопосттар арнайы қондырғылармен жабдықталған. Мегаполистегі ауаны негізгі ластаушы - автокөлік, стационарлық көздер және жеке сектор. Соңғы 11 жылда залалды шығындар 128 мыңнан 70 мың тоннаға дейін төмендеген. Ал жеке сектордан 16 мыңнан 1 мың тоннаға дейін азайды. 

Десекте, стационарлық орындардың шығарындылары өсті, бұл көрсеткіштер ЖЭО-2 жұмысына байланысты. 

«Атмосферадағы залалды заттарды азайту үшін, ең көлікті, қоғамдық көлікті экологиялық таза жанармайға көшіру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық қалалық автобусты газ бен электр энергиясына көшіру жұмыстары басталды. Мысалы, 2020 жылы газбен жүретін 150 автобус сатып алынды. Ал биыл газ бен электр энергиясын пайдаланатын қоғамдық көліктердің 500-ге жуық бірлігін сатып алу жоспарланып отыр», - деді Жасыл экономика басқармасының басшысы. 

Оның пікірінше, жеке көліктерді жүйелі түрде жаңартып, көліктері ақаулы және қоршаған ортаға зиянды автокөлік иелеріне шара қолдану қажет. 

«Қаланың кіреберістеріне 19 экологиялық пост орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгіде 9 экологиялық пост құрылды, қалған 10 пост осы жылдың күзіне дейін біртіндеп орнатылады», - деді Наталья Ливинская. 

Айта кетерлігі, көктемде қала бойынша қозғалатын жүк вагондарының өлшемдері алынды. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, қалалықтардың 11%-ы және қалаға кіретін көліктердің 12,6%-ы экологиялық нормаларды сақтамайды. 

Сонымен қатар, Жасыл экономика басқармасы ластаушы автокөліктерді қала бойынша қозғалыс кезінде анықтайтын үш мобильді посты және зертхана сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүріп жатыр, жеткізу осы жылдың соңына жоспарланған. 

Техникалық реттеу және метрология департаменті қалада сатылатын отынның сапасын бақылау жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, автокөліктерді техникалық байқаудан өту тәртібін қатаңдату бойынша шаралар қабылданып жатыр.