24 жел, 2020 сағат 08:16

Алматыда Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыруға тыйым салынды

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.

«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады», - делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.