10 қар, 2020 сағат 15:46

Алматыда вирусты қайтадан жұқтырған жағдай болмады - Жандарбек Бекшин

Алматыда коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру жағдайы тіркелмеді.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Алматыда осы уақытқа дейін вирусты қайта жұқтырған адам тіркелмеді. Тек бір жағдайда вирус адамның ағзасында ұзақ жүрген. 

«Науқас адам шілдеде коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқан. Анализ тапсырған кезде тест оң нәтиже көрсеткен. Кейін тамызда тапсырған талдауы да оң болып шықты. Ол үйіне оқшаулануға жіберілді. Қазанда тапсырған ПТР талдауы тағы да оң нәтиже көрсеткен. Алайда клиникалық симтомдар байқалмады. Сондықтан бұл ұзаққа созылған вирус тасымалдау деп бағаланды», - деді Бекшин.