Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші екі есе азайды.
«Қазір Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Өткен аптада 100 мың адамға шаққанда ауру деңгейі 5 болды. Ауруды жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Ал күнделікті аурудың өсімі шілде айына қарағанда 35 есе төмендеді. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек орындардың 83 пайызы босады. Осындай, объективті көрсеткіш эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді», - деді Жандарбек Бекшин.