28 мау, 2021 сағат 19:01

Алматыда велосипедші мотоциклге соғылып көз жұмды


Алматыда мотоцикл жүргізушісі велосипедшіні қатты жылдамдықпен қағып, мерт қылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 27 маусым күні әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында болды. 

«Мотоцикл жүргізушісі велосипедшіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 1978 жылы туған ер адам жедел-жәрдем келгенше, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.