14 шіл, 2021 сағат 21:46

Алматыда вакциналаудан босатылғандар мәселесі қайта қаралады


Алматыда COVID-19-қа қарсы вакцинацинадан босатылған 350 мың адамға қатысты мәселе қайта қаралады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыда 2 млн тұрғын бар. Оның 1,1 млн вакцинацияға жатады, 900 мың адам қалады. 545-550 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. 350 мыңы вакцинадан босатылғандар. Яғни, олардың вакцинадан босатылды деген медициналық анықтамалары бар», - дейді әкім. 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, вакцина салудан босатылғандар қайта қаралады.

«Дәл сол уақытта ол адамдар сырқаттанып қалған шығар, әртүрлі себептері болды. Енді біз барлық жағдайды қайта қарастырамыз деп ойлаймын. Себебі 350 мың адам – бұл тым көп. Мүмкін, олар қазір екпе салдыруға дайын болар», - деді Алматы әкімі.