10 қыр, 2021 сағат 13:17

Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты


Алматы қаласында бір тәулікте 9202 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«9 қыркүйек күні 9202 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3790, II компонентін 5412 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 9 қыркүйегі аралығында қалада 903 291 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 794 703 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 114 702 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.