30 мау, 2021 сағат 11:03

Алматыда вакцина пунктерінің жұмыс сапасын бақылайтын топ құрылды


Алматыда екпе пункттерінің жұмыс сапасын және вакциналау технологиясының сақталуын бақылайтын арнайы жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, мегаполистің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалимен бірге COVID-19 қарсы вакциналау пункттерінің жұмысын және қоғамдық орындардағы шектеу шараларының сақталуын тексерді. 

Негізгі мақсат - үнділік «дельта» штаммының циркуляциясы аясында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан қалалықтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау үшін вакциналау қарқынын арттыру.

Емханаларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, университеттер мен мегаполистегі базарларда орналасқан вакцинация пункттерін аралады. Олардың ішінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы Smart helth city, Almaty Mall СОСО, «Мәскеу» СОСО және басқа вакциналау пункттері.

Вакциналау пункттеріндегі санитарлық нормалардың сақталуына, вакцинаның тиімділігіне әсер ететін суық тізбек режимін сақтауға назар аударылды. Қаланың барлық аудандарындағы 208 егу пунктінде вакцинаға арналған санитарлық ережелер талаптарының сақталуын тексеру үшін жұмыс топтары құрылды.

Аlmaty Mall сауда-ойын-сауық орталығындағы вакцинация пуктінің қызметін тексеру барысында №18 қалалық емхананың терапевті Сымбат Бердібек екпе салдыруға ниет білдіргендер қатарының артуы қалалықтардың вирустың қаупі туралы жақсы хабардар екендіктерін және алматылықтардың әлеуметтік жауапкершіліктерінің өскенін көрсететінін атап өтті.

«Тұрғындар тарапынан қызығушылық өте жоғары, күн сайын бізге вакцина алу үшін 200 - 250 адам келеді, қазіргі кезде біз 4 мыңға жуық адамға вакцина салдық. Вакциналар мұздатқыш камераларда сақталады, мысалы, «Спутник V» вакцинасының дозалары -18 ден -24 дейінгі температурада, қазақстандық вакцина +2 +8 градус Цельсийде сақталады», - дейді №18 қалалық емхананың терапевті Сымбат Бердібек. 

Жұмыс тобы сонымен бірге қала асханаларының бірі Qaganat-қа барды, тексеру кезінде санитарлық нормалар бұзылды – келушілер маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтамады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жұмыс сапарының қорытындысы бойынша онлайн форматта қаланың медициналық ұйымдарының басшыларымен, сондай-ақ аудан әкімдіктерінің басшылығымен тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы мен жұмысына байланысты кеңес өткізді. 

Аудан әкімдіктеріне медициналық ұйымдармен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Мысалы, сауда-ойын-сауық орталығы мен СҮ-ға баратын азаматтар ғимаратқа кірген сәттен бастап COVID-19-қа қарсы вакцинация мүмкіндігі туралы хабардар болуы және вакцина алудың маңыздылығы туралы тиісті ақпаратты көруі керек.

Мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал мутацияланған «дельта» штаммының салдарынан ушығуда. Соңғы аптада коронавируспен аурушаңдық 1,7 есеге өсті. 

Алматы қаласының әкімдігі қалалықтарды эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: маска киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан бас тартқан жөн. КВИ-да қорғаныс пен бақылаудың жалғыз әдісі вакцинация.