Алматыда «Ақбұлақ» шағын ауданындағы үйдің бірінде ер адам әйелін ұрып-соғып өлтірді деп күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 42 жастағы үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты.
«Полицияға қайтыс болған әйелдің анасы шағым түсірді. Қызын уайымдаған ана учаскелік инспекторды шақырған. 39 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол кінәсін мойындаған жоқ. Үш баланың анасының өлімінің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады. Криминалистер оның денесінен соққының іздерін анықтады», - деп хабарлады полициядан.