20 қаң, 2025 сағат 12:44

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Фото: ktk.kz

Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана ашылды. Игі бастама "Үйлі болайық" қайырымдылық қорының мұрындық болуымен жүзеге асқан, деп хабарлайды Ult.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Ал қасиетті жұмада күні бойы кез келген уақытта осында келіп тамақтануға болады. Қайырымды жандар мұндай асханалардың санын арттыру жоспарда барын айтады.

"Алдағы жоспар бойынша әр ауданнан, мешіттің жанынан кішігірім осындай асхана, мейманхана ашып, жағдайы жоқ отбасылар мен көше сыпырып жүрген азаматтарымызға күннің суығында ыстық шай ішіп, жылынып кетсін деген мақсатта ашып жатырмыз. Бүгінге дейін 8 қалада кеңсеміз ашылды. Алдағы уақытта кеңсеміз ашылған әр қаладан осындай әлеуметтік мейрамханалар ашу жоспарымызда бар", - деді "Uili Bolaiyq" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Сұңғат Байғон.