25 сәу, 2024 сағат 14:23

Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды


Фото: Polisia.kz


Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді. 


– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.