Алматыда 27 қарашаға қараған түні "Ақсай-3" ықшамауданында бұзақылық жасаған екі тұрғын ұсталып, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 23-көпқабатты үйдің ауласында мас тұрғындар тұрақта тұрған көліктерді теуіп жатқан видео тарады. Олардың әрекетін куәгер видеоға түсіріп алған.
"Олар бүкіл ауланы басына көтеріп айғайлады, сондықтан ескерту жасауға бардым және олардың жеке басын анықтайын дедім... содан кейін олардың бірі үлкен тасты алып, артымнан жүгірді...", - дейді оқиға куәгері.