18 там, 2020 сағат 14:55

Алматыда түнде жарысқан мотоцикл жүргізушілеріне 11 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған мотоцикл жүргізушілеріне 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көпшілікті толғандыратын мәселелердің бірі - азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзатын түнгі жарыс. Осыған қарай, Алматы қаласында 1 тамыздан бастап қала жолдарында мотоцикл мен жарыс ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау бойынша жедел алдын алу шаралары жүргізілуде», - дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов. 

Оның айтуынша, жүргізушілер мотоциклдер мен көліктердің дауысын ұлғайту үшін қозғалтқыштарына рұқсат етілмеген құрылғыларды пайдаланады.

«Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 405 мотоциклист және 320 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. 54 мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Салынған айппұл сомасы 11 млн теңгеден асады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп қортындылады департамент басшысы.