Алматыда электр желісінде болған апаттан қаладағы троллейбустардың басым көпшілігі қозғалыссыз қалды.
«Алматыэлектротранс» ЖШС хабарлағандай, С.Сейфуллин көшесінде Райымбек даңғылынан Үлкен Алматы каналына дейін электр кернеуі ажырап қалған.
Осыған байланысты 6 қарашада оңтүстік бағыттағы қозғалыс тоқтап қалды.
Т.Рысқұлов көшесінен төмен қарай бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.
«Троллейбустар қысқыштан шығып кеткендіктен, желі кернеусіз қалған. Қазір қалпына келтіріп жатырмыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді мекемеден.