22 қаз, 2024 сағат 11:28

Алматыда трансформатор өртенді


Фото: ТЖД


Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді. Өрт бүгін таңғы сағат 07:36 шамасында шыққан, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.


«Бостандық ауданы, Желтоқсан көшесі, 185/1 мекенжайында орналасқан трансформатордың қосалқы станциясы өртенді. Өрт сөндірушілер шұғыл нысанды электр қуатынан ажыратып, өртті жою шарасын қабылдады. Ауа-механикалық көбікті қолданған мамандар қызыл жалынды толығымен сөндірді», - деп хабарлады департаменттен.


Өрт 10 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.