29 мам, 2024 сағат 11:24

Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған екі шетелдік қолға түсті

Фото: ҰҚК


Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деп айыпталған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматын ұстады. 


Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. 

Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы жоқ. 


Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.