10 қар, 2020 сағат 11:30

Алматыда театрлар жұмысына рұқсат берілді

Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс. 

10 қарашадан бастап infokazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», – делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында.

Сондай-ақ, 10 қарашадан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне рұқсат берілді.