
Алматыда тәуелсіз қоғамдық байқаушылар штабы құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Штаб жастардың және балалар үйлері түлектерінің әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысатын Қазақстан Республикасының «Жастарға жол» қоғамдық қорының ұйымдастырумен құрылды.
«Биыл біздің қордың құрылғанына бес жыл толды. Осы уақыт аралығында біздің қор айтарлықтай дамыды. Бүгін біз әділ және ашық қоғам құруға тікелей қатыса алатын дәрежеге жеттік. Бір-екі ай бұрын белгілі қоғам қайраткері Айгүл Соловьева «Сайлауда бейтарап және шынайы байқау туралы» Хартия құру идеясын айтқан болатын. ЕҚЫҰ қағидаттары мен демократиялық сайлау стандарттары туралы конвенцияға негізделген қолдауға шақыру туралы хабарлама әлеуметтік желілерде және брифингтерде орналастырылды. Бұл бастаманы көптеген прогрессивті әлеуметтік белсенділер қолдады», - деді «Жастарға жол» ҚҚ президенті Рафаэль Хасанов.

Штабта қазірдің өзінде алдағы сайлауды байқауға белсенді қатысқысы келетін жүзден астам адам бар. Қор штабқа саяси ұйымдармен байланысы жоқ, бірақ өз елдерінде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын, әділ және ашық қоғам құруға тікелей қатысуға ниетті еріктілерді шақырады.
Қоғам қайраткері Андрей Андреевтің айтуынша, қазір жастар елдің саяси өміріне көбірек атсалысады.
«Дауыс беру қажет. Біздің міндетіміз - сайлаудың заңға толық сәйкес келетіндігіне көз жеткізу. Біз үшін сайлаудың ашық болуы маңызды. Ең бастысы - бәрі адал және әділетті өтсе болғаны», - деп атап өтті спикер.
