Алматының Бостандық ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамыз күні сағат 15:22-де «101» пультіне Бостандық ауданы, Нұр Алатау шағын ауданында қураған шөптің жанғаны туралы хабарлама түсті.
«Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежедегі шақырту бойынша дереу жіберілді. Құтқарушылар таудың бөктерінде бір гектар алқапта қураған шөп өртеніп жатқанын және жеке тұрғын үй секторына оттың таралу қаупі барын анықтады. Өртті сөндіруге жеке құрамынан 50 адам және 13 техника жұмылдырылды»,- деп хабарлады департаменттен.
Сағат 16:08 минутта тілсіз жау ауыздықталды.