10 шіл, 2020 сағат 19:05

Алматыда тапшы дәрілерді сатқан дәрігер ұсталды

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәрілерді сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен С.Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында «Севофлуран», «Цефтриаксон», «Меобактрин», «Альбунорм», «Неоцитотект», «Октагам», «Архимакс», «Меропенем», «Годовист» және «Пропофол» сияқты 90 флакон дәрі алынды», –делінген хабарламада.

Снымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен 1 млн 370 мың теңге анықталған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.