24 қыр, 2020 сағат 10:02

Алматыда таксист жерасты жолына түсіп кетті

Алматыда автокөлік жерасты жолына түсіп кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде таралған сурет көпшіліктің назарын аударды. 

Полиция депаратментінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін Әуезов ауданында болған. 

«Toyota Camry жүргізушісі адам тасымалдаумен айналысқан. Клиентті күтіп тұрған ол көлікті қол тежегішіне қоюды ұмытып кеткен. Абырой болғанда, көлікті тоқтатып үлгерді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жерасты жолы азғана зақымданған. Іс материалдары сотқа жіберіледі», - деді ПД баспасөз қызметінен.