Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.
"Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.