13 қар, 2020 сағат 14:40

Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда жыл соңына дейін 362 «Сергек» камерасы орнатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8%–ға төмендеген. Атап айтсақ, жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер 35,0%–ға, қаза тапқандар 48,6%–ға, жарақат алғандар 36,4%–ға азайды. 

«Біз қалалык әкімдікпен бірлесе отырып, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Алматы қаласы аумағында жол жүру және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, бекіттік. Аталған жоспардың жүзеге асуы көлік ағымының өтімділігін 25-30% арттырса, жол көлік оқиғаларының санын 15-20% азайтып, экологиялық жағдайдың 10% жақсаруына септігін тигізеді»,- дейді департамент басшысы. 

Сонымен қатар, ол қалада 2050 бейне камера орнатылғанын айтты. Жыл соңына дейін қосымша тағы да 362 камералық бекет орнату жоспарда.