10 сәу, 2020 сағат 12:26

Алматыда тағы 2 адам коронавирустан жазылды: Аурудан айыққандар саны 63 болды

Алматыда КВИ-дан екі адам жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар - 1978 жылы туған ер адам және 23 жастағы қыз. 

Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келді, ал қыз 17 наурызда Цюрих-Ыс танбұл-Алматы рейсімен келген. 

Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде. 

Мегаполисте 28 адам емделіп жатыр.