17 қыр, 2020 сағат 11:41

Алматыда сыртқы қаптамасы опырылған үйде жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы әкімдігі сыртқы қаптамасы опырылып түскен көпқабатты үйде жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы Жайлы қалалық орта басқармасының хабарлауынша, қасбеттің жылылау қабаты мен қабырға арасына жауын суы өткен. 

«Жауын суы қыста тоң болып қатып, қабырға мен жылылау қабатының арасын ыдыратып жіберген. Қалалық Жайлы орта басқармасының мамандары минералды плитаны толығымен алып тастап қайтадан жүргізіп шықты. Сонымен қатар қабырғалар құрылыс нормасына сәйкес қапталып, боялды. Сондай-ақ, суағардағы ақаулар жөнделді. Барлық жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары 10 күн ішінде аяқталды», - деді басқармадан. 

Айта кету керек, Зерделі шағын ауданының тұрғындары қабырғасы опырылған №36 үйдің видеосын әлеуметтік желіде таратқан болатын.