07 қаз, 2021 сағат 18:32

Алматыда студенттердің жатақханада тұруына тыйым салынбаған - Бекшин


Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин студенттерге жатақханада тұруға тыйым салынбағанын баса айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментіне студенттерден ресми сауал түспеген. 

«Студенттерді жатақханада орналасуы бойынша қандай да бір ресми шектеулер жоқ. Басқа өңірлерден келген бірінші курс студенттерін жоғары курс студенттерінен бөлек орналастырдық. Себебі, абитуриенттер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары болды. Бөлек орналастыру аурудың жаппай таралуын болдырмауға мүмкіндік берді. Тағы да қайталап айтамын, біз студенттерді қоныстануына қатысты ешқандай шектеулер қойған жоқпыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шетін жайт екенін айтты.

Ол студенттерді жатақханадан шығару бойынша нақты фактілерді әкімдікке жолдауды сұрады.