Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Мегаполис саябақтарының бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinform-ға сілтеме жасап.
Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.
«Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінен.
Бұған дейін Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы көшедегі әжетханада қайтыс болғаны туралы жазған едік.