09 қаз, 2021 сағат 13:38

Алматыда Skoda жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып өлтірді


Алматыда «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 12 жастағы қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көлік апаты 8 қазан күні кешкі сағат 18.30-да болған.

«Skoda Rapid» жүргізушісі «Нұрлытау» ықшамауданынан Сапаржол көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 5 «А» үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқушы рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен. Салдарынан 2009 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.