12 қаз, 2020 сағат 16:35

Алматыда шет елден келген 2 мыңнан аса жолаушы стационарға жатқызылды

Алматы қаласының әкімдігі барлық халықаралық рейстермен келушілерге қалаға кірген кезде міндетті түрде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен 72 сағат ерте уақыт ішінде алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болуы қажет екенін еске салады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен 72 сағат ерте уақыт ішінде алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда, қалаға кірулеріне жол берілмейді. 

Шетелден анықтамасыз келген ҚР азаматтары әуежай аумағынан ПТР-тестілеуді өткізу үшін және нәтижелерді күту кезеңінде әуежай аумағынан уақытша карантинге орналастырылатын болады.

Осыған байланысты Алматыда қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылау бойынша күшейтілген шаралар қабылданды. Әуежай қызметтері мен ведомстволардың функционалы бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді және бекітілді: желілік полиция бөлімі, шекара қызметі, санитарлық-эпидемиялық қызмет. Ұшып келу аймағында халықаралық жолаушылар әуе рейстерімен келетін барлық адамдардың байланыссыз термометриясы жүргізіледі. Дене қызуы жоғары адамдар немесе ауру белгілері бар адамдар (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) анықталған жағдайда жолаушы Алматы әуежайының изоляторына немесе қаланың инфекциялық стационарларына орналастырылады, кейіннен тасымалданады.

«2020 жылдың 6-12 қазан ( таңғы 08.00-ге дейге дейін) аралығында шетелден Алматы қаласына 8207 жолаушысы бар 66 әуе рейсі келді. ПТР нәтижесі бар анықтамасы жоқ 2362 жолаушы оқшауланды, 9 адам (шетелдіктер) депортацияланды. Зертханалық тексеруден 2362 адам өтті, оң нәтиже алынған 3 адам (Анталья – Алматы-2, Дубай - Алматы рейсі) қаланың инфекциялық стационарларына ауыстырылды, рейстер бойынша байланыста болған 40 адам инкубациялық кезең ішінде бақылауға алынды»,– делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Жалпы қала бойынша 5 карантиндік орталық ашылды, медициналық персонал бекітілді, ПТР нәтижесінсіз келген адамдарға зертханалық тексеру жүргізу үшін екі зертхананың материалын алу үшін топтар бөлінді (Ұлттық сараптама орталығы және мониторингтің санитарлық-эпидемиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығы).

Алматыға келетін барлық халықаралық әуе рейстері әуежайда болған барлық уақыт ішінде маска кию туралы талапты сақтауға, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Күрделі эпидемиялық жағдайды және бірқатар елдерде коронавирус инфекциясының екінші толқынының басталу ықтималдылығын ескере отырып, қала тұрғындарына туристік сапарларды кейінге қалдыруға және шетелге шықпауға кеңес беріледі.