13 қар, 2020 сағат 13:38

Алматыда сайлау жөнінде мәлімет беретін Call-орталық ашылды

Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауы жөнінде ақпарат беретін колл-орталық ашылды.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін тексергісі келетін және дауыс беруге қатысу жөнінде мәлімет алғысы келетін қала тұрғындары 221-10-01 нөміріндегі бірыңғай Call -орталыққа хабарласып, мағлұмат ала алады. Ол жерде аранайы оқудан өткен мамандар сайлауға қатысты барлық заңнама нормаларын түсінідіріп береді.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың айтуынша, бұл Call-орталықты ашудағы басты мақсат – қала тұрғындарына кеңінен ақпарат беріп, олардың сайлауға белсене қатысуын қамтамасыз ету.

Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Бұл олардың Конституциялық құқығы. Дегенмен сайлауда дауыс беру үрдісі Қазақстан Конституциясымен қатаң белгіленген. Азаматтар алдымен дауыс беру тізімінде болуы шарт, яғни нақты бір дауыс беру учаскесіндегі тізімде. Ол азаматтардың нақты тұрғылықты жері бойынша жасалады. Осы мақсатта біз Call-орталықты ашып отырмыз. Қала тұрғындары ол жерге хабарласып, нақты қай учаскеде тұрғанын біле алады»,-дейді Жанна Асанова.

Еске салайық, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген.